Қостанай ауданында жылдамдықты бақылау және іздестіру үшін «EkinBoxSpotter» камералары орнатылды

Қостанай ауданында жылдамдықты бақылау және іздестіру үшін «EkinBoxSpotter» камералары орнатылды

Үш күннен кейін Қостанай ауданына қарасты Тобыл қаласында бес стационарлық «EkinBoxSpotter» автоматты бақылау кешені штаттық режимде жұмысын бастайды. Бұл жаңа технологиялар жол-көлік қауіпсіздігін арттырып, жылдамдық режимін  бақылауды күшейту үшін енгізіліп жатыр.

«EkinBoxSpotter» кешендері көлік құралдарының жылдамдықты асыруын автоматты түрде тіркеп, құқық бұзушылық туралы ақпаратты әкімшілік деректер базасына жібереді. Бұл жүйелер «Іздестіру» деректер базасына қосылған. Демек іздеуде жүрген көліктерді, айыппұл бойынша қарыздары бар немесе көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдарға тиесілі көліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Кешендер келесі Қостанай, Тобыл қалалары арасындағы автожолдың Ленин көшесіне бұрылысқа дейін, «Астана–Қостанай–РФ шекарасы» автожолының  554 шақырымына, «Мамлютка–Қостанай» автожолының Қостанайға кіреберісіне, Тәуелсіздік көшесіндегі «Колос» мәдениет сарайының маңына,»Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» автожолының 5 + шақырымына орнатылған.

«EkinBoxSpotter» жүйесінің енгізілуі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жүргізушілердің жолдағы тәртіп мәдениетін арттыруға бағытталған. Қостанай облысының полициясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.