Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында 8-сынып оқушылары арасында ерекше сайыс өтті.
Заңсыз ағаш кескені үшін қомақты айыппұл арқалады
Әулиекөл аудандық сотында «қарағай» тұқымының ағаштарын заңсыз кескені және заңсыз кесуге жәрдемдескені үшін Қ. және Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қаржы пирамидасының құрбандарынан жауап алынды
Қостанай қалалық №2 сотында Людмила Т-ға қатысты сот отырысы өтті. Сотталушы 2019-2021 жыл аралығында Finiko ұйымының Қостанайдағы бөлімшесін басқарған.
Желілерді жаңартуға қомақты қаржы қажет
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы департаментіне өткен жылы жаңа тарифті қайта қарауға немесе бекітуге 435 өтінім келіп түскен.
«QOSTA QUIZ»: тырнақалды сайыс тартысты өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қостанайда қазақ тіліндегі тағы бір зияткерлік ойын пайда болды. «Qosta quiz» аталатын біліктілер сайысын ұйымдастырушы – облыстық «Қостанай таңы» газетінің ұжымы. Алғашқы ойын күні кеше, 30 қаңтарда облыс орталығында өтті.
«Нысаналы мектеп» жобасы іске қосылды
Әлемдік білім кеңістігіндегі оқушыларымыздың жетістіктері мен білім сапасындағы көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау, жоғары деңгейге көтеру бойынша биыл елімізде үлкен жоба іске қосылды. Ол – «Нысаналы мектеп» жобасы. Қазіргі таңда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім саласында жаңа идеяны іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік кеңістік құру зор маңызға ие болып отыр.
Жұмысшы мамандар тапшылығын жою – маңызды міндет
Мемлекет басшысы 2024 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауында биыл жұмысшы мамандықтарға құрмет көрсетілетінін айтқан еді. Жаңа жыл басынан осы міндеттемені жүзеге асыру жұмыстары басталып та кетті. Бастысы, бұл идеяның қоғам үшін маңызы зор. Әсіресе, ел болашағы – жастарымыз мұның мән-мазмұнын тереңірек түсінуі керек. Осы тұста идеяны іске асырудағы кейбір маңызды тұстарға тоқталып өтуді жөн санаймын. Мектеп […]
Шұғыл ота жасалады. Жеті жасар балаға көмек қажет
«Қостанай таңы» редакциясына Қостанайда тұратын, екі баласын жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана хабарласқан еді.
Құмар ойынға арбалған жігіт. Зардап шеккен кісінің жан сыры
Құмар ойындар – адамзат тарихында ежелден бар құбылыс. Түрлі ойындар мен бәс тігулер адамды қызықтырып, тәуекелге баруға итермелейді. Қазіргі кезде казино, букмекерлік кеңселер, лотереялар және басқа да ойын түрлері кеңінен танымал. Алайда мұндай ойындардың әлеуметтік және психологиялық салдары бар екенін ескеру қажет.
Квота көлемі қысқарды
Биыл мемлекеттік сақтандыру қоры аясында жасанды ұрықтандыруға бөлінген квота көлемі қысқарды. Бірінші жартыжылдықта барлығы 100 квота бөлінген. Оның 22-сі игерілген. Ал былтырғы жылы квота көлемі айтарлықтай жоғары болған. Салыстыру үшін: өткен жылы 12 айға 233 квота бөлінген болатын. Ал екінші жартыжылдықта қосымша квота бөлінетіні туралы әлі ақпарат жоқ. Бұл туралы мамандар айтып отыр.