Қостанайдағы спорт нысаны қайта жаңғырды

Қостанайдағы спорт нысаны қайта жаңғырды

Кезінде Баскетболдан Кеңестер Одағына аты мәлім халықаралық дәрежедегі төреші Қадырбек Оспанов атындағы спорт кешені күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Замануи күйге енген спорт нысанының ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып, спортшылар мен ардагерлер қауымын құттықтады.

«Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Біздің бұл бағытта  алған міндетіміз – спорттық инфрақұрылымды жандандыру, нысандарды қайта қалпына келтіру, балғындар үшін спорт нысандарын салу. Осы тапсырмаға сәйкес, облыста үш жыл ішінде жиырма жаңа спорт нысаны ашылды. Осы жылы тағы үш жаңа нысан пайдалануға берілетін болады. Қостанайда үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. Келесі жылы толық аяқталады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін спорт орталығы бой көтереді. Тобыл қаласында  үш мың адамдық көп функциональды жастар спорт орталығы пайда болады.  Арқалықта үлкен спорт кешені салынады. Барлық жұмыстар бүгінгі жастар үшін», – деді облыс әкімі.

Осылайша, көне тарихи ғимараттың екінші тынысы ашылып жатыр. Бұл жерден бір замандарда Алесандр Мирошниченко, Жан Кособуцкий, Василий Левиттер жаттыққан.

blankblank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank  blank blank blank   Дәстүрімен бай нысанда талай олимпиада жүлдегерлері күш сынасқан. Осы белеңді қалыптастыруға атсалысқан  тұлғалар да ғимараттың ашылуына куә болуға келді. Солардың бірі Михаил Дзензура өзінің отыз жыл ғұмырын балалар спортына арнаған ардагер. Баскетболдан спорт мектебінің бас жаттықтырушысы болып еңбек етті. Жиырма жылдан астам мекеменің басшылығында болды.

blankОблысымыздың дене шынықтыру саласының ілгерлеуіне Ғалымжан Шаяхметовтың да үлесі зор. Кеңес кезінде білім министрінің атынан алғыс хат иеленіп, 2022 жылы спортқа қосқан тынымсыз еңбегі үшін «Құрмет» орденін алған қоғам қайраткері. Еліміздің жүгірістен он дүркін чемпионы, Президенттік шақырымнан он төрт рет облыс жеңімпазы атанған Қалқаман Жақып та көне ғимараттың қайта жаңғырғанына тебіренген қадірменді тұлғалардың бірегейі.

blank

«Бүгін біз тарихи оқиғаның куәгері болып жатырмыз. Республикамыздың Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Жаңа Қазақстан құру жолында үлкен реформа жасап жатыр. Әлеуметтік салаға назар аударып келеді. Денсаулықты сақтау жолындағы зор үлес деп есептейміз. Жастарды дене шынықтыуға баулуда көп жағдай жасала берсін. Келешекте бұл жерден олимпиада чемпиондары шықсын деген ақ тілегіміз бар», – деді Қалқаман Жақып.

Аида Маратқызы осы жерде балғындарды конкиден жаттықтырып жүрген білікті маман. Бүгінде спорт шебері атанып үлгерген Аида  спортта сегіз жасынан жүргенін айтады. Он бес жасынан кәсіби деңгейге ауысып, ел чемпионы да атанды. Қазір солар өнерін дәріптеп жаттықтырушы жолына түскенін әрдайым мақтан тұтады.

blank

«Жаңа жылдан бері балаларды конки спортына жаттықтыра бастадым. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан баулып келдім.  Осыған дейін бұл жер жөндеуден өтетін болып жабылып қалған болатын. Бүгін шәкірттерімді алып, қайта жөндеуден өткен  ғимаратымызды тамашалауға келдік. Бәрі керемет. Енді балалар осы жерде барынша дайындалып, шеберліктерін шыңдайтын болады», – дейді Аида.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Мұндағы триатлон, бокс, күрес залы адам танымастай күйге енген. Облыста бұрын гандбол мен бассейн бөлмелері осы ғимаратта ғана болғанын айта кетейік.

blankblankБүгінде ол жердің сызықтары мен кең жолақтары жаңартылып, стандартқа сәйкестендірілген.

blankblankНысанның есімін иеленген Қадырбек Оспановтың спортқа, әсіресе, осы ғимараттың дамуына сіңірген еңбегі өте көп. Педагог ретінде елімізге белгілі баскетбтолдан таланттарды дайындап шығарды. Бірнеше мемлекеттік марапаттарға  ие болған.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суретке түсірген Бердіболат Көркембаев