“Батамен ел көгерер” республикалық байқауы жарияланды

“Батамен ел көгерер” республикалық байқауы жарияланды

«Ауыл» партиясы» РҚБ  Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған « Батамен ел көгерер» атты республикалық  батагөйлер байқауына қатысуға шақырады!

Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге, бата алуға аса мән берген. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі. Бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды. Өйткені қазақ халқы батаға үлкен сеніммен қарайды. Қазақ бата алуды елдіктің, тектіліктің, азаматтықтың белгісі деп білген.

Сондықтан  2025 жылдың 29 қаңтары мен  27 ақпаны  аралығында өңірлік кезең, 1- 14 наурыз аралығында республикалық кезеңдері өтетін «Батагөйлер» байқауына қатысып, жүлделі болуға асығыңыздар!

Байқау туралы толық мәліметті өңірлік филиалдың instagram желісіндегі auyl_qostanay парақшасынан немесе филиал қызметкері Ж.Баймағамбетованың 87759340688 телефон нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

«Батамен ел көгерер»  республикалық батагөйлер байқауының ережесі:

Ұйымдастырушылар:

«Ауыл» партиясының Орталық аппараты мен өңірлік филиалдары.

Байқауды жариялау уақыты 29.01.2025 ж.

Байқауға  видеороликтерді қабылдау уақыты (бекітілген кестеге сәйкес) 29.01.2025 ж24.02.2025 ж аралығы сағат 18.00 – ге дейін.

Мақсаты:

Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз қарсаңында ұлтымыздың сан ғасырдан келе жатқан бата беру дәстүрін жаңғыртып, кеңінен насихаттап, дәстүрімізді дәріптеу;

Атадан қалған ұлттық салтымыздың ұрпақтар арасындағы сабақтастық тұрғысынан дамуына ықпал ету;

Бата сөздер жанрының қазіргі кезең контекстінде жаңаша мазмұнмен толығып, дамуына үлес қосу;

Әділетті Қазақстанның жаңа құндылықтарын нақыл сөз үлгісімен насихаттау;

Өнегелі бата сөз үлгілерін өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік пен қайырымдылық, адалдық пен еңбекқорлық, отансүйгіштік сынды ізгі қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін дәстүрлі тәрбие құралы ретінде қолдану.

Байқаудың өту формасы:

арнайы түсірілген видео-ролик.

 Бата мазмұны төмендегідей маңызды тақырыптарды қамтуы тиіс:

Ұлыстың ұлы күні, береке, бірлік, татулық, ұрпақ тәрбиесі, отбасылық және ұлттық құндылықтар;

әділетті қоғам, «адал азамат», отаншылдық, еңбекққорлық, қарапайым жұмысшы еңбегінің маңызы, ел мен жерге жанашырлық;

жас ұрпақты тәртіпке бағынатын адал азамат етіп тәрбиелеу мәселелері.

Байқаудың талаптары:

Қатысушы уақыт тұрғысынан 1 – 2 мин. аспайтын бата беріп, оны видеоға түсіріп, арнайы @bata2025bot телеграм-бот арқылыөз өңірін таңдай отырып жолдайды;

Бата мәтінінде дәстүрлі бата сөздер мен бірге қатысушының авторлық қолтаңбасы да болуы керек;

қатысушылар 35 жастан асқан болуы шарт;

бата мәтінінде нәсілдік, діни төзбеушілікке шақыру белгілері және әлеуметтік араздастық тудыратын мазмұндық нышандар көрініс таппауы шарт;

видеоның дыбысы таза, жарығы қанық, бейнесі анық болуы шарт;

қатысушының ұлттық киім үлгісінде киінгені дұрыс;

түсіру орны қатысушының өз таңдауы бойынша.

02.2025 ж / 28.02.2025 ж. аралығында Батагөйлер байқауының өңірлік кезеңінің қортындысы шығарылады.

03.2025 ж. күніне дейін байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаттары өтеді.

Жүлделі орынға ие болған (1 орын, 2 орын, 3 орын) азаматтар бағалы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, сайыс қорытындысында – 2 ынталандыру сыйлығын беру жоспарланған.

Байқаудың өңірлік кезеңінде 1-2-3 орынға ие болған бата үлгілері Республикалық финалдық кезеңге жолдама алады.

Республикалық финалдық кезеңнің жеңімпаздары арнайы әділқазылар алқасының шешімімен анықталып, «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «Көрісу күні» қарсаңында Астана қаласында марапаттау рәсімі өтеді.

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу