41 жастағы жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу белгісі бар Toyota Land Cruiser 100 маркалы көлігін басқарып келе жатқан. Полицейлер оның жүргізуші куәлігінде де шектеу болғанын анықтады.
Осы факт бойынша құқық бұзушыға қатысты екі әкімшілік іс қозғалды, оларды сот қарайтын болады.
Атап айтсақ, жүргізуші куәлігінсіз автокөлікті басқарғаны үшін оған -20 АЕК (78640 теңге) айыппұл салынады. Жалған нөмірлер үшін ол бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.
Автокөлік мамандандырылған автотұраққа орналастырылған. Бұл жыл басынан бері төртінші факт. Өткен жылы полицейлер жалған нөмірлері бар 32 көлікті анықтады.
Патрульдік полиция қызметі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.