Сөйлем құрауға үстірт қарамау керек. Ойды мәтінге түсірерде сақ болған жөн. Әр сөздің орын тәртібі, қолданылу реті бар. Ауызекі тілдің сол күйінде көшірілмеуін де қадағалау қажет. Сондай-ақ сөйлемнің мағынасын бұзатын орашолақ сөздер мен тіркестерден абай болған дұрыс. Осы айтылған ескертпелерге бірнеше мысал келтірейік.
«Үздік оқытушы-2026» облыстық сайысында Жангелдин ауданының үміткері жеңімпаз атанды
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының мемлекеттік тіл оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2026» облыстық байқауы өтті.
«ТүзеТілді»: YouTube-арнада – жаңа шығарылым
«ТүзеТілді» айдарының бейненұсқасын жариялауды жалғастырамыз. Осы жылдың алғашқы тақырыбын тағы да калька мәселесіне арнадық. Орысшадан сөзбе-сөз аударылған, қазақ тілінің нормасына сай келмейтін, бірақ қолданысымызға еніп кеткен сөздер мен тіркестерді «сөйлетеміз».
Сыннан сабақ: қателік түзетіледі!
Күні кеше Қостанай қалалық ауруханасындағы ағат аударма туралы сын-пікір жариялаған едік. Оқырманымыз жолдаған суретте «Сестра-хозяйка» сөзінің «Иесі апа» деп қате жазылғаны көпшіліктің де қызу талқысына түсті.
Таптаурын тіркестерден тартынайық, тілшілер
«ТүзеТілді» жобасының жаңа маусымын бастаймыз. Қазақ тілінің қатесін түзеуге, сауатты сөйлеп-жазуға үндеп, төл сөздеріміздің мән-мағынасын талдауға бағытталған ізденісті жалғай түспекпіз. Ана тіліміздің абдырасын ақтарып, қазына-кенін қалың оқырманмен бөлісу де басты мақсатымыз. Олай болса, айдардың биылғы алғашқы шығарылымында әріптестеріміз өте жиі қайталайтын таптаурын тіркестерге тоқталамыз. Мысал етілген сөздер өрескел қате саналмауы да мүмкін, бірақ соларға балама […]
Түпнұсқа сақталуға тиіс
Фразеологизм – бейнелі сөздер. Екі немесе одан да көп сөзден құралса да, өздерінің дербес мағынасынан ажырап, жеке-дара ұғымдарға балама ретінде қолданылады. Қазақтың тұрақты сөз тіркестеріне қарап, тіліміздің қаншалықты көркем, оралымды екенін аңғаруға болады. Бірақ солардың кейбірін қате қолданатынымыз бар.
Бастапқы мәні басқаша сөздер
Шығу тегі қазіргі қолданыстағы мағынасымен қиыспайтын сөздер бар. Бірі ағат айтылу салдарынан өзгеріске ұшыраған, енді бірі белгісіз себеппен түп мәнінен мүлдем алыстап кеткен. Кейбір атаудың қандай сөздердің қосындысынан шыққанын да біле бермейтін сияқтымыз. «ТүзеТілді» айдарында түсіндіріп көрейік.
Қастерлі ұғымдардың қадірі қашпасын
Құрметті оқырман, көпшіліктің сұрауымен «ТүзеТілді» жобасы жалғасын табады. Қазақ тілінде қатесіз сөйлеп, сауатты жазуға, сөздер мен ұғымдарды ретіне, мән-мағынасына сай қолдануға көмекші болатын айдардың айтары әлі де көп. Жылдың алғашқы шығарылымын қазақы туыстық атаулардың дұрыс және бұрыс қолданыстарына арнағалы отырмыз.
Ықшам жазуға дағдыланайық
Жеке-дара тұрып-ақ толық мағына беретін кейбір сөздерді қисынсыз жерде тіркеске айналдырып алатын әдетіміз бар. Оларды айқындауыш деуге де келмейді. Түсінікті сөзге сол мәндес ұғымды үстемелеу немесе басы артық анықтауышпен шұбалта беру – көбіміз қаперге алмай жүрген қателіктердің бірі. «ТүзеТілді» айдарының бүгінгі шығарылымында осындай олқылықтарға мысал келтіреміз.
Сөз қадірі – өз қадіріміз
Сөзді, сөйлемді қолдан қиындату өзімізге өзіміз тауып алған «бас ауру» сияқты. Шұбалтып жазуға әуес болып барамыз. Ол мағынаны да шашыраңқы жеткізеді. Мәселен, бүгінде іркес-тіркес етістіктер көбейіп кетті. Бұған талғамсыз аудармалар және орыс тілінің ықпалынан шыға алмайтынымыз себеп. Салдарынан қазақша деуге келіңкіремейтін сөйлемдер пайда бола бастады. Осындай қателіктердің бірнешеуін мысалға келтірейік.
