2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатына еліміздің 20 облысынан 400 спортшы қатысып жатыр. Бәсеке Қостанайдағы жасөспірімдер спорт мектебінде өту үстінде.
Қазақстандық спортшы 4 жылдан кейін халықаралық жарыста жүлде алды
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды.
Қазақстан регби федерациясының жаңа төрағасы сайланды
«QAZAQSTAN RUGBY» Заңды Тұлғалар Бірлестігінің президенті болып ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев сайланды.
Қазақстандық спортшылар қысқы универсиаданы 14 медальмен аяқтады
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шорт-тректен ерлер командасы қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Ел құрамасынан 5000 метр қашықтықтағы эстафеталық жарыста Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Санжар Жанысов, Айбек Темірхан мен Валерий Клименко төрттігі мәреге үшінші жетті. Бұл XXXII Қысқы Универсиада ойындарында ел құрамасы қоржынына түскен 14-медаль. Қазірге дейін Қазақстан құрамасы қоржынында 3 алтын, […]
Ауылда қысқы спорттың жаңа дәуірі басталды
Денисов ауданында хоккей лигасы осыдан бес жыл бұрын басталған. Бүгінде тек спорт емес, аудан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының айқын көрінісіне айналды. Қазіргі таңда аудан жастарының сүйікті ойыны болып отыр. Ауылдық округтер арасында достық кездесу түрінде құрылған бұл лига, үлкен жетістіктерге жетіп, аймақтың басты хоккей алаңы болып қалыптасып үлгерді.
«Тобыл» таңдауы – Темірлан Ерланов
Клубтың баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерлановтың «сары-жасылдар» қатарына қосылғанын ресми түрде хабарлады.
World Boxing екінші кезеңі Қазақстанда өтеді
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады. Соның ішінде бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының өтетін уақыты белгілі болды.
Мейрамбек Қалмырза «Тобыл» ойыншысы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Мейрамбек Қалмырзамен келісім-шартқа қол қойылғаны туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстап шығатын спортшылардың есімдері белгілі болды
Қазақстан құрамасы Қытайдағы IX қысқы Азия ойындарының 10 жарыс тәртібі бойынша барлық алты спорт түріне қатысады. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы бәсекеге команданың дайындығы туралы айтып берді.
«Qazsport» телеарнасы XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанатын көрсетеді
Спорттық жарыстар Италияның Турин қаласында 13-23 қаңтар аралығында өтеді.