Денисов ауданында облыстық спартакиада өтіп жатыр

Денисов ауданында облыстық спартакиада өтіп жатыр

Осымен отыз сегізінші рет жалауы желбіреген облыстық спартакиада биыл бұрынғыдан ерекше форматта қолға алынды. Бұл жолғы думанды дода араға жиырма сегіз жыл салып, Денисов ауданына қайта оралып отыр.

Мерекелік шеру, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен ел ардақтыларына көрсетілген құрмет – спорт пен рухтың ұлы жеңісі секілді әсер қалдырды.blankblankblankblankАталған додада қазақша күрестен «Түйе балуан» атанған торғайлық Бекзат Жақсылық ел есінде қалатын ерлік көрсетті. Ақтық белдесуде Қостанай ауданының намысын қорғаған, тәжірибелі балуан Талғат Жиентаевты таза жеңіспен ұтты. Жекпе-жектің алғашқы минуттарында басымдық Талғаттың жағында болды. Жамбас ұпайын еншілеген қарсыласынан қаймықпаған Бекзат өзіне үйреншікті әдіс – сырттан іліп шалу арқылы айқын басымдық танытты. blankБұл белдесуді облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өзі тамашалап, жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттады.blank

«Талғаттың өнерін әуелден байқап келемін. Өте мықты қарсылас. Әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген спортшыны жеңу – үлкен мәртебе. Алда республикалық жарыстарға жолдама беретін тағы бір үлкен белес тұр. Оны да бағындыру – арманым», – дейді Бекзат.

Жас болса да жарқ еткен Бекзат алтыншы сыныптан бері күреспен айналысып келеді. Жиырмадан енді асқанымен, талай облыстық сайыстардың жүлдегері атанып үлгерген. Былтырғы «Қостанай қыранында» қола медаль иеленсе, биыл алтыннан алқа тақты.
Ал қола жүлде үшін күресте Арқалық қаласының өкілі Шақнияз Ағыбаев жеңіске жетті.blankblankblankblankblankblankblankblankblankҰлттық спорт түрлері арасында ең көп көрермен жиған жарыс ат спорты болды. Аудан шетіндегі Алшан ауылында, боз даланың төрінде өткен бәйге – нағыз рух пен өнердің тоғысқан сәті іспеттес.blankТүйемойнақтың киелі топырағында айнала тігілген ақ шаңқан киіз үйлер, бәйге көретін биік төбешіктер, ат дүбірінен делебесі қозған халық – бұл күнгі нағыз ұлттық мерекені паш етіп тұрғандай көрермендерге тамаша рух сыйлады. Сол күннің куәсі болған ауыл тұрғыны Жұмакүл Аршабаева бозала таңнан бәйге алаңына немересін ертіп келіпті.blankblankblank

«Аңсар бала кезінен атқа құмар. Осы жолы Жезқазғаннан қыдырып келген беті еді. Ертемен оянып, мені бәйгеге ертіп алып шықты. Қазір балалардың бойында қазақы болмыс оянып келе жатқаны қуантады», – дейді әжесі Жұмакүл.

Ұлты өзге болса да, Александр Герь ат құлағында ойнаудың нағыз шебері. Бұл өңірде туып өскен ол ауылда қырық жыл механизатор болып еңбек еткен.blank

«Ат – адамның серігі, даланың сәні. Бала кезімде ауыл балалары атқа шабуды үйреткен еді. Содан бері жылқы – өмірімнің бір бөлшегіне айналды», – дейді ол.

Спартакиаданың салтанатты ашылуында облыс әкімі Құмар Ақсақалов доданың маңызын ерекше атап өтті.blank

«Бүгінгі іс-шара – тек спорттық жарыс емес, бұл – бірлік пен достықтың, жігер мен табандылықтың мерекесі. Президентіміз бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Бұл – дені сау ұлтты қалыптастыру жолындағы нақты қадам», – деді облыс басшысы.

blankЖалпы, облыс көлемінде соңғы екі жылда 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Қостанай ауданында жабық ат манежі тұрғызылса, Қарабалық, Жанкелдин, Федоров, Меңдіқара аудандарында хоккей корттары мен спорт залдары іске қосылды. Арқалықта дарынды балаларға арналған спорт интернатының, ал Амантоғайда жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды.blankЖиын барысында спорт саласына сүбелі үлес қосқан ауданның бірқатар ардагерлері мен мамандары марапатталды. Мәселен, Жақсылық Жұрқабаев – шайбалы хоккей, футбол мен жеңіл атлетикадан ауданның намысын қорғаған ардагер спортшы. Құдайберді Есенаманов – бокстан жас спортшыларды баптап жүрген жаттықтырушы, шәкірттері облыстық деңгейде талай жүлде алып жүр. Юрий Кочевников – волейболдан жаттықтырушы, шәкірттері облыс құрамасында ойнайды. еркін күрестен жарыстарда төрешілік етіп жүрген әдіскер Арман Жәкенов те марапатталды. волейболдан облыс командасын жеңіске жеткізген бапкер Александр Кищуктің есімі ерекше аталды. Бұл тұста параолимпиадалық спортшы Светлана Ержанованың да еңбегін көрсетіп өткен жөн. Бұл ауданнан ел намысын қорғап жүрген ттағы бір спортшы бар. Ариана Сергеевна пауэрлифтингтен спорт шебері атағын жасөспірім кезінде қорғап шыққан талантты жас спортшы.Ол 2023 жылы халықаралық жарыстан елімізге жүлде алып келген атлет. Ермек Мұстафин болса, ұлттық ат спортын насихаттап жүрген азамат. Көкпар командасында ұлы Дидар да өнер көрсетіп жүр. Ауданда футболдың дамуына жаттықтырушы Александр Павловичтің үлесі зор.blankblankblankСпорт дегеніміз – тәрбие, намыс, бірлік пен болашаққа деген сенім. Денисовтегі думанды дода – осының жарқын дәлелі. Келешекте бұл сахнадан ел мақтаныштары туып шығары сөзсіз. Бүгінгі жарыстың алауы ертеңгі Олимп биігіне бастар алғашқы қадам болуы бек мүмкін.

Айбек Жүзбай

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев