Клубтың баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерлановтың «сары-жасылдар» қатарына қосылғанын ресми түрде хабарлады.
Ерланов бұған дейін 2020 жылы «Тобыл» сапында өнер көрсетіп, команда үздіктерінің бірі болды. Ол «Тобылға» чемпионаттың күмісін жеңіп алуға көмектесті.
«Мен «Тобылға» оралғаныма қуаныштымын. Маған сенім артқан клуб басшылығына ризамын және ортақ мақсаттарға жету үшін бар күшімді салуға дайынмын. Біз бірге үлкен жетістіктерге жете аламыз», – деп ағынан жарылды ұлттық құраманың ойыншысы.
Ішкі біріншілікте Темірлан 220 ойынға қатысып, 20 гол соғып, 8 нәтижелі пастың авторы атанды.