Мейрамбек Қалмырза «Тобыл» ойыншысы атанды

Мейрамбек Қалмырза «Тобыл» ойыншысы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Мейрамбек Қалмырзамен келісім-шартқа қол қойылғаны туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
Мейрамбек – елорда №8 БМЖСМ түлегі, бұған дейін «Астана», «Оқжетпес» және «Жетісу» клубтарында өнер көрсеткен.

«Өткен маусымда ол «Жетісу» сапында 20 матч өткізді. Қалмырза Қазақстан жастар құрамасында тұрақты ойнады және 2024 жылы негізгі құрама қосынына қосылды», – деп хабарлайды «Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі.

Мейрамбек «Тобылдың» оқу-жаттығу жиындарына қосылып, алдағы маусымға командамен бірге дайындалуға кірісті.

Жаңалықтармен бөлісу