Әулиекөлдік өрт сөндірушілер ерлік жасады

Әулиекөлдік өрт сөндірушілер ерлік жасады

Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде жеңіл автокөлік өртенді.   Құтқарушылар оқиға болған жерге келгенде жалыны гараждың шатырына дейін жеткен.

Өрт автомобильдің сорғыш қабатының  астыңғы бөлігінен басталып, онда орнатылған газ баллонды жабдық жарылыстың болуына әкеле жаздаған.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті ашық жерге сүйреп апарып, қауіптің бетін алды, өртті сөндірді.

Осылайша, құтқарушылар  өрттің көрші гараждарға таралуын болдырмай, жарылыс қаупін жойды. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтармен бөлісу