Құрметті оқырман қауым! «Қостанай таңы» газеті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Менің мақтанышым!» атты облыстық эссе байқауын жариялайды.
Ең қымбатты жандарыңызды көпшілікке таныстырып, ерекше мәнерде құттықтап қана қоймай, демеушілеріміз тағайындаған бағалы сыйлықтардың иегері атануға зор мүмкіндік бар! Ендеше, байқаудың ережесімен таныс болыңыздар!
Эссе байқауының ережелері:
– Байқауға Қостанай облысының тұрғындары ғана қатыса алады;
– Байқау үміткерлері жас ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінеді: 13-18 жас, 19-23 жас және 24-35 жас;
– Жазылатын эссе кейіпкерлері ерекше қабілет иесі немесе елеулі жетістігі бар, жалпы айтқанда, мақтаныш етіп көрсетуге лайықты жан болуға тиіс (мысалы, әлдекімнің анасы, әжесі, әпкесі, қарындасы немесе қызы өнерлі, дарынды, зерделі, табысты т.б. болуы мүмкін);
– Эссе көлемі бір беттен аспауы керек (Тіmes New Roman, 14 шрифт, 1.0 аралық);
– Эссемен қоса, кейіпкердің сапалы 3-4 суреті міндетті түрде жіберілуі керек;
– Автордың жеке мәліметтері (аты-жөні, жасы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс нөмірі) жолдануы шарт;
– Шығармаларды қазылар алқасы сараптап, үздіктерін анықтайды;
– Материалдар «Қостанай таңының» 8 771 213 72 02 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады. Қосымша ақпараттарды да осы нөмірге хабарласып білуге болады.