Адам жанының бір бөлшегі, қуанышы мен жұбанышы – бала. Өміріңнің маңызды, мәнді сәттерін көбірек еске салатын кездер тұлымшағы желбіреп жүрген құлыншағыңның үлкен өмір бәйгесіне қатысуы кім-кімді де толғандырмай қоймайтыны рас…
Мақтанышым – ақ әжем!
Өмірінің басты бөлігін еңбекке арнаған, еңбекпен көркейіп, есейіп, зейнетін көріп отырған жан – мәдениет ардагері, менің нағашы әжем Жулдызайым Жумағұлқызы Олжағұлова.
Менің кішкентай аруларым!
Мен Қостанай қаласындағы №9 балабақшаның тәрбиешісімін. Бүгін осы байқау аясында тәлімденушілерімді көпшілікке шын ықыласпен таныстырғалы отырмын. Менің тобымда 15 қыз бар. Әрқайсысы гүлдей құлпырған сұлу, келешегінен зор үміт күттіретін өнерпаз, алғыр, зерек.
Анам – тірегім, мақтанышым
Әр адамның өмірінде мақтан тұтатын біреуі болады. Мен үшін ол – аяулы анам. Ол менің батырым, ақылшым және ең жақын досым. Мен мінсіз ана қандай болуы керек деп ойласам, бірден оның бейнесі көз алдыма келеді.
Әжетайым – мақтанышым!
Әжесі бар немере уайымның не екенін білмей өседі. Себебі «Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың» деген нақыл бар. Мен әжемнің барына қуанамын. Ауылға барғанда құрақ ұшып алдымнан шығады. Сарайға сақтағанын қазанға салып, сандыққа жинағанын дорбалап береді.
“Қостанай таңы” облыстық эссе байқауын жариялайды!
Құрметті оқырман қауым! «Қостанай таңы» газеті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Менің мақтанышым!» атты облыстық эссе байқауын жариялайды.