Республика күніне орай Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында «Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті: тарих беттері» атты кітаптың салтанатты тұсаукесері өтіп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Аталған кітапта өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу және даму тарихы, мекемелердің өткені мен бүгіні, сондай-ақ сала қызметкерлері мен ардагерлерінің еңбегі көрініс тапқан.

Басылымның басты мақсаты – қызмет тарихын сақтау, тарихи мұраны дәріптеу және кейінгі ұрпаққа жеткізу.
