«QAZAQSTAN RUGBY» Заңды Тұлғалар Бірлестігінің президенті болып ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев сайланды.
Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр.
Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде. Ерлер мен жастар құрамалары белсенді дамып келеді.