Лисаков қалалық соты оқушылар арасында болған жауыздық іс-әрекеттерді қарады.Бұл туралы Orda.kz жазды.
Сот мәліметінше, сәуір айында кәмелетке толмаған екі оқушы Лисаков қаласындағы пәтерлердің бірінде тамақ дайындауға арналған металл қалақты газ плитасына қыздырып, ұйықтап жатқан қыздың денесіне басқан. Оның сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын қасақана күйдірген. Кәмелет жасына толмағандар қыздың денсаулығына зиян келтіріп, моральдық азап тарттырғаны анықталды.
Сот шешімімен айыпталушылардың ата-аналары ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрі 1 млн теңге моральдық зиян өтелуі керек. Сот қаулылары заңды күшіне енді.
