“Қостанай минералдары” АҚ мен оның серіктестері аралас волейболдан турнир өткізді. Дәстүрлі турнир жұмысшыларды спортпен шұғылдануға, сондай-ақ әріптестер мен серіктестер арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған.
Полиция қызметкерлері әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
23-24 қыркүйектен бастап Сербияда Нови-Сад қаласында жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті. Облыстық ПД қызметкерлері спорттық іс-шарада ел намысын сәтті қорғады. 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдулла Асқар күміс жүлдені жеңіп алды.
Әлем біріншілігінде топ жарды
Жақында Өзбекстан Республикасы Хива қаласында ересектер және ұлдар мен қыздар арасында гір спортынан өткен әлем біріншілігінде қос спортшымыз жеңімпаз-жүлдегер атанып келді.
Президент әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтады
“Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін”, – деді Президент.
Қостанайлық полицейлер ұлттық спорт фестивалінде жүлдегер атанды
4-10 қыркүйек аралығында Астанада “Қазанат” ипподромында ұлттық спорт түрлерінің VI фестиваліне қатысты. 5 күнге созылған сайыста 1300-ден астам адам спорттың 11 түрінен жарысқа түсті.
Аманкелді – 150. Балуаны түйе жеңіп алса, сәйгүлігі аламанда топ жарды
А.Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған өткен спорт жарыстары аяқталды.
ERG Run Fest жүгіріс фестивалін рудныйлықтар бастап берді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Рудныйда жыл сайынғы дәстүрмен ERG Run Fest жүгіріс фестивалі өтті. Төрт түрлі қашықтыққа белгіленген марафонға мыңнан астам тұрғын қатысты. Оның үстіне, ERG компаниясына қарасты қалалар ішінде көңілді мәрені рудныйлықтар бірінші болып бастап беріп отыр.
Балалардың дайындығы үшін: жеке кабинет, кең орын, арнайы көлік қарастырылуда
Қостанайдағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Талғат Ерішев дайындыққа келіп жүрген спортшылардың ата-аналарымен есеп беру кездесуін өткізді.
“Тобыл” көш басындағы “Ордабасымен” тең тарқасты
Футболдан Қазақстан чемпионатының 21 туры аясында Қостанайдың “Тобылы” шымкенттік “Ордабасы” командасын қабылдады.
“Тобыл” алғашқы ойында есе жіберді
Қостанайдың “Тобылы” футболдан УЕФА-ның Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде Чехияның “Виктория” Пльзень командасымен алғашқы ойынын өткізді.