2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатына еліміздің 20 облысынан 400 спортшы қатысып жатыр. Бәсеке Қостанайдағы жасөспірімдер спорт мектебінде өту үстінде.
«Мұндай жарыстар Республиканың ең мықты боксшыларын біріктіреді. Маңызды біріншілік спортшыларды бокстан Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл спорт түрі Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың және Қостанай облысы бокс федерациясының президенті Сайлаубек Ещановтың қолдауының арқасында өңірде қарқынды дамып келеді», – дейді жарыстың бас төрешісі Өзбек Қазин.
Облысымыздан бұл жарыста 16 салмақ дәрежесінде 23 жас боксшы шаршы алаңда бақ сынайды.
Чемпионаттың финалдық жекпе-жектер 31 қаңтарға жоспарланған.