Қостанай қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен төбесін жөндеу жүйелі түрде жалғасуда. Әсіресе соңғы бес жылда тұрғын үй қорын жаңартуға және бірыңғай архитектуралық келбет қалыптастыруға ден қойылды.
Пробация есебінде тұрғанда да жұмысқа орналаса алады
Қостанайдағы «Ай-комек» ғимаратында мемлекеттік қызметке арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге келушілерге мемлекеттік саладағы түрлі лауазымдағы бос жұмыс орындары ұсынылды.
Пошташылар күніне орай «Қостанай таңы» газеті «Баспасөзге жазылу күні» іс-шарасын өткізді
Пошташылардың төл мерекесі біздің де мерекеміз десе де болады. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» маман иелеріне құрмет пен ілтипат ерекше екені белгілі. Бүгін бұл жер гүлге оранғандай жарқырап, келушілердің құрметіне дастарқан жайылып, бауырсақ пен тәттілер ұсынылды.
Жер учаскелерін бөлу жұмыстары басталады
Қостанай қаласының Қонай ықшам ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Астана – жүрегімнің төріндесің
6 шілде – Астананың туған күні. Бұл күн 2006 жылдан бері мерекеленіп келеді. Қанатын кеңге жайған елорда қазір үлкен орталыққа айналды. Бас қалаға табан тіреп, сонда тұрақтап қалған жерлестеріміз жетерлік. Көбінің айтатыны – арманының жетелеп апарғаны. «Теңізден тамшыдай» дегендей, біз сондағы жерлестеріміздің пікірін беріп отырмыз.
Жыл жемісті аяқталды
Қостанай қаласының әкімі жылды қорытындылап, қала активімен кездесу өткізді. Өткен жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы жылғы дамудың басым бағыттары анықталды.
«РАКУРС» фотобайқауының қорытындысы шығарылды
Қостанай қаласының 145 жылдығына орай, облыстық «Қостанай таңы» газеті «Ракурс» атты облыстық фотобайқау жариялаған еді. Бүгін қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер анықталды.
Қостанай облысында 20 мыңға жуық татар-башқұрт ұлтының өкілдері тұрады
Өңірде жұмыс істеп жатқан этномәдени бірлестіктердің ішінде «Дуслык» татар-башқұрт мәдени орталығының алатын орны ерекше. Бүгінде қазақ жеріне сіңісіп, өз отанындай көретін диаспора қай жағынан да даму үстінде.
Ұлттық ұланның әскери бөлімі жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісін тапсыруды аяқтады
Бірнеше күн ішінде 6697 әскери бөлімінің офицерлері мен әскери қызметшілері мемлекеттік-құқықтық даярлық, дене шынықтыру, атыс даярлығы бойынша сынақтардан өтті, радиациялық химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтерді орындады, сондай-ақ жеке құрамда жалпы әскери жарғы бойынша білімдері тексерілді.
«Қонайдағы» қоныстой
Республика күніне орай Қостанай қаласының «Қонай» шағын ауданында 16 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болғандар қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектер мен жетім балалар бар. Қоныстанушылардың қуанышына қала әкімі Марат Жүндібаев ортақтасты. Шағын ауданның 83-ші кварталында салынған №1-ші тұрғын үйде барлығы 45 пәтер бар. Ауласы абаттандырылып, балалар және спорт алаңы салынған. Бейнебақылау арқылы маңайы […]
