«Суағарлар бітеу, талабымыз ескерусіз». Қостанайлықтар қала әкімдігіне шағым түсірді
Басты жаңалықтар, Мәселе, Қостанай ақпарат

«Суағарлар бітеу, талабымыз ескерусіз». Қостанайлықтар қала әкімдігіне шағым түсірді

Қостанай қаласының солтүстік батыс аумағын су басып жатқаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Бүгін сол ауданның тұрғындары қала әкімдігіне тағы да шағыммен жүгінді.

Толығырақ
Тоқал сыйлау тренд пе?
Мәселе, Қоғам

Тоқал сыйлау тренд пе?

Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр деп насихаттағысы келетіндер бар. Бүгінгі қоғамда бұл – заңға қайшы әрекет. Оған тосқауыл қойылуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында осы жөнінде айтты.

Толығырақ
Жерде жатқан «жер» жоқ
Мәселе

Жерде жатқан «жер» жоқ

Өткен жылы Қостанайда коммерциялық нысан құрылысына 20 жер телімін жалға беруге бес аукцион өткізілген. Нәтижесінде бюджетке 201,5 млн теңге түсті. Бұл жер учаскелерінің бастапқы құны 20,9 млн теңгеден басталып, 10 есеге дейін артқан.

Толығырақ
Арқалықта зейнетақы бермей жатыр деген ақпарат рас па?
Мәселе, Тобыл-Торғай тынысы

Арқалықта зейнетақы бермей жатыр деген ақпарат рас па?

   «Арқалықтың поштасы зейнетақы бермей жатыр» деген сөз желдей есіп кетіпті. Рас болса, бұл сұмдық қой. Мәселенің мән-жайын білмекке поштаға қарай асықтық. Кезекте тұрған халық нөпірі жоқ екен. Бірлі-жарымды адам кезегін күтіп отыр. Операторлардың бәрі жұмыс істеп тұр. Олай болса, мәселе неде?… Біз халыққа қызмет көрсету аясы туралы пошта басшылығынан сұрап білдік.

Толығырақ
Өңірде құрылыс қарқыны неге баяу?
Мәселе

Өңірде құрылыс қарқыны неге баяу?

Облыстың қаңтар айындағы экономикалық көрсеткіші оңды. Яғни, барлық салада өсім бар. Мәселен, құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9%-ға  артқан. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға салынған инвестиция, бөлшек сауда, көлік қызметі, көтерме сауда, тұрғын үйді пайдалануға беру  көрсеткіші көз қуантады.

Толығырақ
Шилідегі шикіліктер қашан түзеледі?
Басты жаңалықтар, Мәселе

Шилідегі шикіліктер қашан түзеледі?

Редакциямызға Қостанай қаласының тұрғыны, зейнеткер Сұлтанғали Оспановтан хат келіп түсті. Ол кіндік қаны тамған ауылы – Жанкелдин ауданына қарасты Шилі елді мекенінің ауыр ахуалын баяндаған. «Көпірме сөз қашан қойылады?» деп ныспыланған хатта жол, су мәселелері, интернет байланысының нашарлығы көтерілген. «Уәжім осы газет арқылы тиісті орындар назарына ілігер деген үміттемін» дейді жазба иесі.

Толығырақ
Жолаушылар жанайқайы: «Арқалыққа жайлы пойыз керек»
Басты жаңалықтар, Мәселе

Жолаушылар жанайқайы: «Арқалыққа жайлы пойыз керек»

«Ұлылар шыққан мекенге ұсқынсыз вагондар қатынап жүр». Жолаушылардың осы құралыптас арыз-шағымдарына орай арқалықтық атқамінерлер атқа қонып, қалаға қатынайтын пойыздардың бүгінгі хал-ахуалымен танысты.

Толығырақ