Жәнібектің руы бағаналы болуы мүмкін 

Жәнібектің руы бағаналы болуы мүмкін 

Бұл туралы “Көреміз” бағдарламасының тікелей эфирінде”TreeGene” генетикалық зертханасының өкілі Ұлдана Көккөзова түсіндіріп берді.

“Бұл сынаманың аты – ата-тегін анықтау. Қазіргі таңда өте жақсы сұранысқа ие болып жүрген сынамалардың бірі. Бұл жерде адамның генетикалық профилі арқылы гаплотобын анықтаймыз. Гаплотоп арқылы қазақ популяциясынан руын анықтап береміз. Y хромосоманың 27 st маркерлері арқылы жасалады. Екі мутация арақашықтықта көбірек Жәнібекті найман руына жақынырақ деп болжап отырмыз. Екінші кластерге қыпшақтар кіріп тұр. Сонда бізде қыпшақ немесе найман деген болжау болып тұр. Бірақ біз көбінесе наймандарға болжап отырмыз. Қыпшақ деп айтайық десек, тапсырған адам саны аздау. Жеті мутацияға айырмашылық болып тұр. Ал Y хромосомасы наймандармен екі-ақ мутацияға өзгеріс бар. Ал наймандардың ішінде бағаналыға жақындатып отырмыз”, – деді Ұлдана Көккөзова.

Жаңалықтармен бөлісу