«AQYL CUP»: Қостанай жастары зияткерлік сайыста бақ сынады

«AQYL CUP»: Қостанай жастары зияткерлік сайыста бақ сынады

«Әділет» партиясының ұйымдастыруымен Қостанай облысының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «AQYL CUP» зияткерлік ойындар лигасының үшінші іріктеу кезеңі өтті.

22 қазанда Смарт-орталықта ұйымдастырылған сайысқа жастар командалық форматта қатысып, білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында зияткерлік демалысты насихаттау, олардың эрудициясын, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыру.

Командалық форматта өткен сайыс барысында қатысушылар білімдерін ортаға салып, тапқырлықтарын, зейінділігін және бірлесіп шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Мұндай зияткерлік ойындар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«AQYL CUP» лигасы төрт кезеңнен тұрады. Алдағы қараша айында финалдық ойын өтіп, іріктеу кезеңдерінен өткен командалар жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықтар үшін бақ сынайды. Лиганың жалпы жүлде қоры – 300 000 теңге.

blank blank blank blank

Жоба Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қостанай облысы бойынша «Жастар Рухы» Қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары: жастар бастамаларын іске асыру платформасы» жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда.