Республикалық автожолдарға тексеріс жүргізілді

Республикалық автожолдарға тексеріс жүргізілді

Биыл  облыстық жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалы  автожолдар мен магистральдарды қысқы күтіп ұстау бойынша 40-қа жуық мониторинг өткізді.

Бұл шара республикалық маңызы бар барлық автомобиль жолдарды қамтыды. Барлық зерттелген учаскеде қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыс кемшіліктері анықталды:

1. Жабынға қардың оралуы,

2. Қисық сызықты брустар қалың қармен бітелген,

3. Жүріс бөлігіндегі қар жамылғысы,

4. Жол жиектеріндегі қар үйіндісі.

“Жол жиегінде қар жиналып жатыр. Автопавильондар тазартылмаған. Тағы да көзге бірден көрінетін олқылықтар бар. Біздің сарапшылар жағдайды бақылап отыр. Жол учаскелеріндегі проблемалар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Бұл кемшіліктерді жою мерзімі әлі де бар. Біз мердігерлік ұйымның мамандарына азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмысты күшейтуге және барлық кемшіліктерді мерзімінде жоюға кеңес береміз”, – дейді филиал директоры Рафис Зинетов.

Жаңалықтармен бөлісу