Қостанайда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» атты мерекелік іс-шара өтті.
Үкіметте тіл саясатының басым бағыттары айқындалды
Астанада Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында хабарлады.
Ұстаздарға заманауи технологиямен ағылшын тілін оқытудың әдістері түсіндірілді
Қостанайда ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын меңгеруге арналған облыстық семинар өтті. Қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының мұғалімдері тәжірибе алмасып, оқыту сапасын арттырудың жолдарын талқылады. Семинар мұғалімдерге жаңашыл әдістерді қолдануға шабыт беріп, әсіресе, шалғай аудандардағы педагогтар үшін баға жетпес мүмкіндік болды. «Modern English Teaching Tools Techniques» атты облыстық семинар ұйымдастырылып, оған қалалық және […]
Қостанайда ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған тренинг басталды
Бұл науқан үш күнге жалғаспақ. «Sanalyurpaq-2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, облыстық Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.
«Мың бала» жобасында қостанайлық оқушы топ жарды
Елорда төрінде өткен республикалық «Мың бала» жобасының марапаттау рәсімінде Қостанай облысының намысын қорғаған №1 лицей-гимназияның 9-сынып оқушысы Дарья Антоний жеңімпаз атанды.
«Қазақ тілі мені алға сүйреп келеді»
Мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдері туралы жазып жүргенімізге бірталай уақыт болды. Ондағы мақсатымыз қазақ тілін үйреніп алған азаматтарды көпшілікке үлге ету, осылайша ана тілімізді насихаттау һәм дәріптеу. Ізгі ниетпен жазылған кезекті мақаламыздың кейіпкері орыс қызы Анель Пимичева.
«Ұлттық диктант» тіліміздің мерейін үстем етті
Республика күніне қарсаңында қолдарына қалам алған басшылар мен қызметкерлер партаға диктант жазуға отырды.
Жерлесіміз Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылар байқауында үздік танылды
Дәстүрлі түрде байқауды облыстық әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырды.
Бейімбет Майлин ауданында Тілдер күніне орай «Тіл – әр халықтың байлығы» атты форум өтті
Аталған іс-шара еліміздегі түрлі этностар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, мемлекеттік тілді насихаттау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Жеңімпаз – Сарыкөлдің «Сұңқары»
Қазақ тілін мемлекеттік қызметте кеңінен қолданып, өрісін арттыру әлі де өзекті болып тұр. «Жастар сарайында» облыстық байқау ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің білім-білігі сыналды. Игі дәстүрге айналған бұл сайысты Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы қолға алған.
