Қостанайда ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған тренинг басталды

Қостанайда ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған тренинг басталды

Бұл науқан үш күнге жалғаспақ. «Sanalyurpaq-2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, облыстық Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.

 

Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарды халыққа тиімді жеткізе алатын кәсіби мамандарды даярлау және олардың коммуникациялық дағдыларын жетілдіруге бағытталып отыр. Қатысушылар қатарында мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері бар.

blank
Аудиторияда көпшілік алдында сөз сөйлеу, дағдарыс жағдайында әрекет ету, халықпен тиімді байланыс орнату және әлеуметтік желілермен жұмыс істеу дағдылары дамытылады. Тәжірибелі сарапшылар өз білімдерімен бөлісіп, практикалық кейстер ұсынады.

blank
Бұл тренинг – қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, өңірдің ақпараттық саясатын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

БОТА МАНЕТ