«Мың бала» жобасында қостанайлық оқушы топ жарды

«Мың бала» жобасында қостанайлық оқушы топ жарды

Елорда төрінде өткен республикалық «Мың бала» жобасының марапаттау рәсімінде Қостанай облысының намысын қорғаған №1 лицей-гимназияның 9-сынып оқушысы Дарья Антоний жеңімпаз атанды.

 

Бұл жоба – Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жүзеге асырылатын ерекше форматтағы байқау.

blank

Мақсаты – еліміздің мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету.

blank

«Дарьяның жеңісі – оның білім мен шығармашылыққа деген талпынысының, қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ол осы жоба аясында «Атамекен» әнін шебер орындап, қазылар мен көрермендердің ықыласына бөленді», – деп Дарья туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы келісім мекемесінің сарапшысы Айбек Таңатбаев та жылы пікір білдіріп, оның өнеріне жоғары баға беріп жатыр.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Дарьяға алғыс хат пен естелік сыйлықты ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов табыстады.

blank

Музыкаға баулып жүрген ұстазы Аңсат Сейіт Алғас хатпен марапатталды.