Қостанайдағы ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң — Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шарасы өтті. Бұл жиын елдің негізгі құжатының мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды басқосу болды.
Қостанайда сауда орталығында жарылғыш құрылғы туралы жалған хабар таратқан жасөспірім анықталды
Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылды деген ақпарат бойынша шұғыл тексеріс жүргізілді. Хабарлама жалған болып шықты. Алайда жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтады.
Орталық тәрбиеленушілеріне қаржылық сауаттылық жайлы ақпарат берілді
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Жанұя» орталығының тәрбиеленушілерімен «Дроптарға қарсы іс-қимыл және жастардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
“Заңды білмеген – өмір бағытын білмейді”: ҚИнЭУ-де жастармен заң тақырыбы талқыланды
Бүгінгі студент – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Ал сол азаматтың мемлекеттегі рөлі қандай? Оның заң алдындағы жауапкершілігі, құқықтық санасы қай деңгейде? Міне, осы және өзге де маңызды сұрақтар Жахаң атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өткен «Азаматтың мемлекеттегі рөлі» атты ашық дәріс барысында қызу талқыланды.
Университетте студенттерге арналған танымдық дәріс өтті
З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған танымдық дәріс өтті. Іс-шара ҚР Әділет министрлігінің «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.
Адам құқығы мен бостандығы жөнінде ауқымды семинар-тренинг өтті
Қостанай облысының тұрғындары өздерінің құқығын біле ме? Құзырлы органдардың қызметіне көңілі толмай, әділдік таппаған адам тағы қандай ұйымдарға шағымдана алады? Еңбек қатынасынан туындаған дау-дамайды қалай шешуге болады? Зорлық-зомбылықтың немесе адам саудасының құбаны болсаңыз қайдан көмек сұрау керек? Осы және өзгеде өзекті мәселелер «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында өткен оқыту семинар- тренингінде […]
Алаяқтық: өзгенің қолымен от көсеу
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізуде. Бұл бастаманың жастарға пайдасы қандай болмақ?
Ақылы жолда әділдік орнап, жолақы қайта есептелді
Ақпан айында Қостанай қаласынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі М-36 жолы ақылы негізде пайдалануға берілген еді. Жол ақысын жинауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы жауап береді.
Қостанай облысының 8 ауылы алкогольден бас тартты
Бұл бастама өңірде 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасының бір бөлігі болды.
Есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғандар жауапкершілікке тартылады
Есеп беру кездесуінде Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин заңнамадағы өзгерістер туралы айтты.