Орталық тәрбиеленушілеріне қаржылық сауаттылық жайлы ақпарат берілді

Орталық тәрбиеленушілеріне қаржылық сауаттылық жайлы ақпарат берілді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Жанұя» орталығының тәрбиеленушілерімен «Дроптарға қарсы іс-қимыл және жастардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Қостанай облысы бойынша ЭТТД қызметкерлері жасөспірімдерге кең таралған алаяқтық схемалары жайлы айтып беріп, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті және қылмыскерлердің құрбаны болмаудың жолдары бойынша ұсыныстар берді.

«Іс-шараның көздегені  өскелең ұрпаққа заңсыз қаржылық схемаларға тартылу тәуекелдері туралы, соның ішінде қылмыстық әрекеттерді жасыру үшін банк шоттары мен өзге де қаржылық құралдар ресімделетін «дроптар» деп аталатын тұлғаларды пайдалану тәжірибесі туралы ақпарат беру», – дейді Экономикалық тергеу департаментінің Қостанай облысы бойынша жедел уәкілі Әсемгүл Балжақаева.

Жеке деректерді, цифрлық әмияндарды және банк карталарын қауіпсіз пайдалану тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, өмірден алынған жағдайларымен бөлісті. Кездесу соңында қатысушыларға қаржылық сауаттылық пен цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық бойынша ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратылды.

Жастармен профилактикалық жұмыс жүргізу – Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің қаржылық әрекеттеріне деген жауапкершілікті көзқарасын қалыптастыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді ұсынған – ЭТТД баспасөз қызметі