Есеп беру кездесуінде Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин заңнамадағы өзгерістер туралы айтты.
13 наурыздан бастап есірткіні медициналық емес мақсатта тұтыну жауапкершілікке әкеліп соғады. Құқық бұзушы тіпті үйде есірткі қабылдағаны үшін 10 күн қамауға алынуы мүмкін.
“Адамның қанында немесе зәрінде есірткінің болуын тіркеу жеткілікті. Мұндай заттарды қолданудың іздері бір айдан астам уақытқа созылуы мүмкін”, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.
Өңірде 17 адам жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзған облыс орталығында 9 адам, Рудный мен Жітіқарада з адам, Қарабалық ауданында 2 адам тіркелді.
“Мұндай жағдайлар ЖКО – дан кейін куәландыру кезінде, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтаған кезде, сондай-ақ отбасылық жанжалдар мен қоғамдық тәртіпті бұзу туралы хабарлар бойынша анықталды”, – деп толықтырды ПД бастығы.