Алғаш рет өткен жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары Қостанайға олжалы оралды

Алғаш рет өткен жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары Қостанайға олжалы оралды

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10–12-сынып оқушылары арасында алғаш рет өткізілген жасанды интеллект бойынша желілік олимпиада қостнайлықтар үшін сәтті аяқталды.

Олимпиада аясында қостанайлық шәкірттер Назарбаев Университетінің ISSAI институты мен Astana IT University-ге барса, The Chinese University of Hong Kong және Mohamed Bin Zayed University of Artificial Intelligence университеттерінің өкілдері онлайн дәріс өткізді.

Александр Ершов  (11 Д) жепңімпаз атанып, ISSAI Summer Research Program 2025 бағдарламасына 100% грант ұтып алды. Дмитрий Горжанов  (11 Д) мен Айдана Марденова  (11 Д) жүлделі ІІІ орын алды.

Олимпиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздарға Назарбаев Университетінің ISSAI институты жазғы тағылымдама ұсынса, ҚБТУ мен Astana IT University білім гранттарын тағайындады. Ал AI-Academy жасанды интеллект бойынша тегін оқу мүмкіндігін сыйлады.

150-ден астам NIS оқушылары екі күн бойы күрделі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен
дағдыларын сынға салды.

 

Жаңалықтармен бөлісу