Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына сапары барысында Лесное ауылындағы ең үздік аула иелерімен жолықты. Мұқашевтар жанұясы үйінің маңайын әсем баққа айналдырған ба дерсіз.
Қостанайдан Ташкентке тікелей әуе рейсі ашылды
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы жаңа халықаралық бағытпен толықты. 13 маусым күні Өзбекстан астанасы Ташкенттен ұшып шыққан алғашқы жолаушылар рейсі өңірге келіп қонды.
Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді
Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейіне жетті. Бүгінгі таңда бұл салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Кәсіпкерлер палатасында «емдік» туризм мәлелелері талқыланды
Қостанай облысы сауықтыру және медициналық туризмді дамыту үшін орасан зор әлеуетке ие. Алайда жергілікті бизнес су айдындарының емдік қасиеттерін танудың нақты заңдық және ғылыми механизмдерінің жоқтығымен әлі де бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселе облыстық Кәсіпкерлер палатасы Қызмет көрсету саласы мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысында егжей-тегжейлі қаралды.
Әр өңірде туризмді дамытудың өзіндік бағдарламасы бар – Премьер-министр
Үкімет отырысында Премьер—министр Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бейінді ведомстволардың алдына міндеттер қойды.
Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді
2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді.
Қазақстанда қонақ үйлерге «жұлдыз» беру жүйесі жаңартылып, туристік саланы қолдау шаралары кеңейтіледі
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет сапасын арттыру және заңнаманы жетілдіру бағытында кешенді жұмысты жалғастырып жатыр.
Туризмді дамыту және мәдени мұраны сақтау
Бүгінгі таңда туризм саласы – экономиканың сауда, қоғамдық тамақтандыру және қонақүй қызметі сияқты өзге де салаларының дамуына тікелей ықпал ететін, болашағы зор бағыттардың бірі болып табылады.
Қазақстанда медициналық туризм дами түспек
Елордада денсаулық сақтау, тұрақты даму және медициналық туризм мәселелеріне арналған форум басталды. Медициналық туризм – еліміздегі ең әлеуетті бағыттардың бірі.
Үкіметте жаңа өнім келісімшарты мен тұрақтандыру қорларын бақылауды күшейту мәселесі талқыланды
Вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апта сайынғы кеңесте 2025-2026 жылдарға арналған тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін жаңа өнім бойынша келісімшарт жасау барысы мен соңғы аптадағы баға динамикасы талқыланды.
