Үкімет отырысында Премьер—министр Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бейінді ведомстволардың алдына міндеттер қойды.
«Президент атап өткендей, туризм саласы бірден экономиканың бірнеше секторын қамтиды, онда барлық қатысушы мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын үйлестіру қажет. Бұл ретте әр өңірде туризмді дамытудың өзіндік бағдарламасы бар«, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен бірлесіп бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарымен туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын түзетуі қажет. Қосымша ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп саланың кадрлық мәселелерін шешу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
