Президенттің көлік—логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары Үкімет отырысында сөз болды.
Премьер—министр Олжас Бектенов көлік—логистика саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
«Көлік—логистикалық тораптарды салу, теңіз порттарын, әуежайларды және теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша міндеттер шешілуде. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар анықталды. Көлік министрлігі, әкімдіктер мен компаниялар бекітілген іс — шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін«, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне цифрлық технологияларды қолдана отырып, жолдардағы және қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыру, Білім министрлігіне білім беру бағдарламаларына жол қозғалысы ережелерін енгізуді жалғастыру тапсырылды.
