Сөзден іске көшу керек – Үкімет басшысы

Сөзден іске көшу керек – Үкімет басшысы

Жалпы, Премьерминистр Олжас Бектенов Президент ҚасымЖомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты Үкімет жұмысының басым бағыттарын айқындайтынын атап өтті.

«Президенттің бағдарламалық сұхбаты алдағы уақытта біздің алдымызда тұрған мақсаттар мен міндеттерді нақты айқындады. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін салуы қажет. Сөзден іске көшу керек. Барлық мәселелерді шешуге прагматикалық көзқараспен қарау, бюджет қаражатын барынша үнемдеу және нақты нәтижені қамтамасыз ету – басты міндет. Есептер мен презентациялардан арылатын уақыт келді. Егер нәтиже болмаса – мұның бәрі уақыттың босқа ысырап болғаны. Егер қолдан келмей жатса, ашығын айтыңыздар. Біз бұл мәселені шешеміз«, деді Олжас Бектенов.

Премьерминистр өз бағыттары бойынша барлық тапсырмалардың орындалуын үйлестіру жөніндегі орынбасарлардың алдына міндет қойды.