Үкімет қаңтар айының соңына дейін Цифрландыру және ЖИ жылының аясындағы іс-шаралар тізбесін бекітеді

Үкімет қаңтар айының соңына дейін Цифрландыру және ЖИ жылының аясындағы іс-шаралар тізбесін бекітеді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жұртшылықты кеңінен тарта отырып, Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және ЖИ жылы шеңберіндегі іс-шаралар тізбесін бекітуді тапсырды.

«Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сәтті өткізу үшін кәсіби қоғамдастық пен халықты кеңінен тартуды қамтамасыз ету маңызды.
Осыған байланысты Жасанды интеллект министрлігіне қаңтар айының соңына дейін Жылдың іс-шаралар тізбесін анықтап, бекітуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанда цифрландыруды кеңейту және ЖИ қолдану талабын ескере отырып, басқарудың барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік органдардың функциялары қайта қаралады. 💬blank

Жасанды интеллект мемлекеттік секторда да белсенді енгізілуге тиіс. Оны қолдану атүсті автоматтандыруға емес, қалыптасып қалған процестерді қайта қарауға, мемлекеттік функцияларды орындаудың неғұрлым тиімді модельдеріне көшуге және бюрократиядан арылуды одан әрі жалғастыруға әкелуі керек. Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрландыруды кеңейтуді және жасанды интеллектінің қолданылуын ескере отырып, басқарудың барлық деңгейлеріндегі функцияларды қайта қарауға тиіс , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Жасанды интеллект министрлігіне министрліктердің бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары, яғни CDO қызметінің нәтижелеріне сапалы талдау жүргізіп, 2026 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жаңа көрсеткіштерді белгілеу тапсырылды.