Кәсіпкерлер палатасында «емдік» туризм мәлелелері талқыланды

Кәсіпкерлер палатасында «емдік» туризм мәлелелері талқыланды

Қостанай облысы сауықтыру және медициналық туризмді дамыту үшін орасан зор әлеуетке ие. Алайда жергілікті бизнес су айдындарының емдік қасиеттерін танудың нақты заңдық және ғылыми механизмдерінің жоқтығымен әлі де бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселе облыстық Кәсіпкерлер палатасы Қызмет көрсету саласы мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысында егжей-тегжейлі қаралды.

Бүгінде өңірде адамдар әртүрлі аурулардың алдын алу және емделу үшін «жабайы» түрде келетін көптеген көлдер мен табиғи бұлақтар бар. Кәсіпкерлер қала сыртындағы инфрақұрылымды құруға инвестиция салуға дайын. Бірақ су мен балшыққа талдау жүргізуден бастап, соңғы тұтынушыға сауықтыру қызметін тікелей сатуға дейінгі түсінікті механизм қажет.

«Бізде қандай да бір су айдынының құрамы бойынша ресми түрде қорытынды бере алатын сертификатталған зертханалар бар. Бірақ кәсіпкер бұл құжатпен әрі қарай не істеуі керек? Кез келген бақылаушы органның тексерісі заңды түрде: «Сіз бұл табиғи ресурсты коммерциялық емдік мақсатта пайдалануға және оны сауықтыру орны ретінде көрсетуге қандай негізде құқылысыз?» деп сұрайды. Бізге бизнесті заңдық тәуекелдерден қорғайтын нақты алгоритм қажет», — деді салалық кеңестің төрағасы Гүлмира Қапенова.

Спикер Қостанай облысы үшін бұл бағытта туристік ағындарды құру маңызды екенін айтты. Әзірге әлеуетті бірегей курорттық аймақтар стихиялық (жүйесіз) демалыс деңгейінде қалып отыр.
Су айдындарын емдік деп тану процесі қалай жүруі керектігі туралы отырысқа қатысушыларға Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының (КМОҒЗИ) Стратегиялық дамыту және әдістемелік құжаттама мен табиғи ресурстарды әзірлеу басқармасының бас сарапшысы Наталья Модина айтып берді.blankСарапшы бизнес пен уәкілетті органдарға арналған жол картасын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өңірдің бальнеологиялық әлеуетін заңдастыру кезең-кезеңімен орындалуды талап етеді:
1. Кешенді бальнеологиялық зерттеулер. Судың, тұзды судың немесе балшықтың терең физика-химиялық, микробиологиялық және радиациялық талдауы жүргізіледі.
2. Ғылыми негіздеме. КМОҒЗИ зертханалық мәліметтер негізінде ресми медициналық қорытынды қалыптастырады, онда ресурсты қолданудың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері нақты жазылады.
3. Мемлекеттік реестрге енгізу. Табиғи фактор ресми түрде емдік деп танылғаннан кейін ғана, бизнес өз нысанын сауықтыру немесе санаторий-курорттық кешен ретінде заңды түрде көрсетуге құқық алады.
Натылья Модина қазіргі уақытта ведомство Қазақстанның емдік табиғи ресурстарының бірегей Атласы мен минералды балшықтар каталогын әзірлеп жатқанын, оған Қостанай облысының 13 перспективалы кен орны еніп қойғанын атап өтті.blankҚостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Амангелді Бекетаев өңірдегі қала сыртындағы туризм саласын дамыту үшін жергілікті бизнес, жергілікті атқарушы органдар және бейінді ғылыми-зерттеу институттары арасында синергия (өзара тығыз байланыс) қажет екенін айтты. Кәсіпкерлер палатасы қызмет көрсету стандарттарын арттыруға және қостанайлық емдік көлдерді экономиканың табысты секторына көшіруге мүмкіндік беретін ашық «талдау — верификация (растау) — қызмет» механизмін пысықтайтын болады.

Сабина Кеңесбаева,

ҚӨУ 3-курс студенті