Адал қоғамды қалыптастыру әр азаматтың белсенді әрекетінен басталады

Адал қоғамды қалыптастыру әр азаматтың белсенді әрекетінен басталады

Амангелді аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Заң мен тәртіп» жобасы шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы әр азаматтың жеке жауапкершілігі» тақырыбында сараптамалық семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылаудың маңызын түсіндіру және әр азаматтың құқықтық жауапкершілігін арттыру.

Семинарға қоғамдық бақылау мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұмысшы жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы әр азаматтың рөлі жан-жақты түсіндірілді. Қоғамдық бақылаудың мемлекеттік басқарудағы тиімділігі талқыланфп,
мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету тетіктері қарастырылды.
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жолдары сараланды.

Пікір алмасу кезеңінде қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортақ ұстанымды қалыптастыру бағытында ой бөлісті.

Осындай іс-шаралар азаматтардың белсенділігін арттырып, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға, қоғамда ашықтық пен сенімді қалыптастыруға ықпал етеді.

Адал қоғам – әрқайсымыздың саналы таңдауымыз бен нақты іс-әрекетіміздің нәтижесі!