Үлгілі аула иесі – Мұқашевтар

Үлгілі аула иесі – Мұқашевтар

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына сапары барысында Лесное ауылындағы ең үздік аула иелерімен жолықты. Мұқашевтар жанұясы үйінің маңайын әсем баққа айналдырған ба дерсіз.

Мұнтаздай таза, гүлмен көмкерілген аула өткен-кеткен адамның жанарын жаулайды. Бақшасын күтіп-баптап, табиғатпен үндесе ғұмыр кешіп жатқан шаңыраққа аймақ басшысы сый-сияпат жасады. Туған жерге құрметпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру әрқайсымыздан басталса керек. Президент ұсынған «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасының мәні осында.

Федоров ауданының халқы сенбіліктерге тұрақты қатысуды дәстүрге айналдырыпты. Көктемде күл-қоқысты шығарып, шіріген шыбық-тал мен қураған жапырақ қалдықтарын жинастырып, абаттандыру жұмыстарына да үлес қосқан.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Биыл елді мекендерде 1626 көшет отырғызып, 80 мыңнан астам гүл екті. Апатты жағдайдағы ғимараттарды сүру ісі күн тәртібінен түскен емес. Биылдыққа бес елді мекенде көркі қашқан 13 нысанды бұзу жоспарланды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев