Әзірлік жұмыстары мектептер мен балабақшалардың сыртынан бастап ішін, сынып бөлмелерін қамтыды. Нысандардың санитарлық нормаларға сәйкес келуі, өрт қауіпсіздігі техникасының сақталуы, қылмыстық және терроризм сипатындағы сын-қатерге төтеп беру талаптарының орындалуына баса мән берілуде.
Қостанай қаласы ХХХІХ-шы облыстық жазғы спартакиадасының жеңімпазы
Жеңімпаздарды қала әкімі Әмірхан Асанов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жәнібек Жұрқабаев құттықтап, жүлделерін табыс етті.
Арқалық аспанын әуезді әндер кернеді
Арқалықта дүбірлі той өтуде. Қостанай облысының ХХХІХ – шы жазғы спартакиадасы мен қаланың 70 жылдық мерейтойы дүркіреп өтіп жатыр.
Арқалық мерейтойы: қос көлік иесін тапты
Арқалық қаласының 70 жылдық мерекесіне орай 25 шақырымдық аламан бәйгеге Қостанайқұрылыс компаниясының демеушілігімен тағайындалған автокөлік Алматы облысының еншісіне бұйырды.
Торғай өңірінде республикалық балық аулау жарысы ұйымдастырылды
Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойына орай республикалық балық аулау жарысы өткізілді.
55 жылдық тарих: Лисаков жаңа белестерге қадам басты
Лисаков қаласы өзінің 55 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. ШАҺАРДА апта бойы мәдениет, спорт және қоғамдық бағыттарды қамтыған 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, мерейтой қала тұрғындары мен қонақтарының есінде қаларлықтай деңгейде ұйымдастырылды.
Арқалықта қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде
Қастерлі Тобыл-Торғай өңірі қолөнер шеберлерінің көзмайын тауысып жасаған бұйымдары халықтың назарына ұсынылды. «Ел іші – өнер кеніші» дегендей елден шыққан шеберлердің ата-баба жолын жалғастырып, қанда бар қасиетті дамытуы қуана құптарлық іс. Көрмеде тігіншінің қолынан шыққан төсек-орын жасаулар алыстан көз тартып мен мұндаласа, алқа, сақина, білезік сынды зергерлік бұйымдар да қызығушылық танытушыларын көптеп жанына жинады. «Қостанайдан […]
Арқалық қаласын дамытудың басым бағыттары айқындалды
Арқалық қаласының мерейтойына арналған іс-шара бүгін «Жасампаз дәуірдегі жаңғырған қала» атты салтанатты жиналыстан басталды.
Арқалықта асық ойындары қыза түсті
ХХХІХ – шы облыстық жазғы спартакиаданың ұлттық асық ойыны жарыстары да аса қызғылықты өтіп жатыр.
Арқалыққа ақжарма тілектер айтылуда
Арқалық дүбірлі той құшағында. Қалада 6-9 тамыз аралығында ХХХІХ – шы облыстық жазғы спартакиада және шаҺардың 70 жылдық мерейтойы еселі еңбекпен аталып өтуде.
