Торғай өңірінде республикалық балық аулау жарысы ұйымдастырылды

Торғай өңірінде республикалық балық аулау жарысы ұйымдастырылды

Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойына орай республикалық балық аулау жарысы өткізілді.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 73 команда қатысты.

«Қазақстанның барлық қалаларынан командалар келіп қатысты деуге болады. Орал, Павлодар, Семей, Тараз қалаларынан балықшылар келді. Балық аулау жарысына тігілген бас жүлде автокөлік Амангелді ауданы Құмкешу ауылының тумаларына бұйырды. Екінші орынды Ақмола облысынан Атбасар қаласы, үшінші орынды облысымыздың орталығы Қостанай қаласы, төртінші орынды қарағандылықтар еншіледі. Жаңарқалық азаматтарға арнайы жүлде тағайындалды. Бұл балықшылар арасында бәйгеге автокөлік беріліп елімізде ауқымды түрде өтіп тұрған жарыс. Сәтін салса алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – дейді жарысты ұйымдастырушылар атынан Бағлан Абдрахменұлы.

Арқалық қаласының тұрғындары болып табылатын балықшы жігіттер осындай жарысты кейінгі 3 жылда 6 рет өткізген. Әлібек Смғатұлы да ұйымдастырушылардың бірі.

blank blank blank

Жарысқа «Алдияр» дүкені, Арнұр мен Мұраджон мырзалар және «Тәттілер әлемі» дүкені демеушілік жасаған.

                                         Мұрат Жүнісұлы                                           Арқалық қаласы