Қостанай қаласы ХХХІХ-шы облыстық жазғы спартакиадасының жеңімпазы

Қостанай қаласы ХХХІХ-шы облыстық жазғы спартакиадасының жеңімпазы

Жеңімпаздарды қала әкімі Әмірхан Асанов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жәнібек Жұрқабаев құттықтап, жүлделерін табыс етті.

Спартакиаданың бас төрешісі Бауыржан Сабыржанұлы мәлімдегендей, қалалар арасында үшінші орын жүлдесін Рудный қаласы, екінші орынды Арқалық қаласы қанжығалады.

«Спартакиаданың жоғары деңгейде өткені үшін Арқалық қаласының әкіміне, тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Қостанай қаласы қатарынан 14-ші рет облыстық спартакиаданың чемпионы болып жатыр. Бәрі әділ, тура өтті деп есептейміз. Бізде облыс орталығы болғандықтан спортшыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Сол себепті, озбауға хақымыз да жоқ. Барлық спортшыларға сәттіліктер тілейміз. Еліміз көркейіп, дамыған үстіне дами берсін», – дейді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов қуанышын жасыра алмай.

Аудандар арасында үшінші орынды Әулиекөл ауданы, екінші орынды Меңдіқара ауданы, бірінші орынды Қостанай ауданы еншіледі.

blank

Облыстық спартакиаданың эстафетасы Меңдіқара ауданына тапсырылды.

blank

«Арқалық қаласының әкіміне көптен көп рахмет айтамын. Спартакиада есте қаларлықтай өте жақсы өтті.Ұйымдастырушылықтың ерен үлгісін көрсетті. Эстафета жалауын қуана қабылдап тұрмыз», – деді Меңдіқара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Рашид Сыздықбаев.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                       Арқалық қаласы