Қостанай облысында алдағы сайлауға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Өңір аумағында барлығы 716 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Оның 699-ы азаматтардың тұрақты тіркелген жері бойынша, тағы 17 учаске сайлаушылардың уақытша орналасқан жерінде құрылған.
2026 жылғы 2 тамызда жергілікті атқарушы органдар учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылар тізімдерін ұсынды. Қазіргі таңда тізімге 540 179 сайлаушы енгізілген.
Сайлаушылар тізімі азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негізінде жасалады.
7 тамыздан бастап тұрғындар сайлаушылар тізіміндегі өз мәліметтерін тексере алады.
