Жаңару – ортақ мақсаттарға жетуде бірігу мен ынтымақта болу. Бүгін – тек табиғаттың ғана емес, әрбір адамның, қоғамның жаңару күні.
Алтынсариндіктер наурызнамаға үлес қосты(ВИДЕО)
Алтынсарин ауданы әкімдігінде ұлттық киімдер тақырыбында қызықты челлендж өтті. Оған аудан әкімі де қатысып, өз үлесін қосты.
Биден шашу шашқан өнерпаздар
Халықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық өнер фестивалі екі күн бойы қаламызды думанға бөледі. Алтыншы рет ұйымдастырылған бұл ауқымды шараға Қырғызстан, Башқұртстан, Ресей Федерациясы және Қазақстанның әр өңірінен би ұжымдары қатысып, қазақ, қырғыз, башқұрт, орыс және өзге де халықтардың би өнерін паш етті.
Арқалық қазақ жасөспірімдер театры кішкентай көрермендеріне театрландырылған қойылымын ұсынуда
Наурыз айының құрметіне апталық өткізіп,күнделікті 4 мезгіл өскелең ұрпақтың ой-өріс, танымын арттыратын қиял-ғажайып қойылымдарын қойып жатыр.
18 наурыз – Ұлттық киім күні
Қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды.
Қарамеңдіде халқымыздың бата беру дәстүрі насихатталды
Наурызнама онкүндігін тойлау аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күнінде аудандық Тілдерді оқыту орталығы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, «Баталы ерге бақ қонар» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді.
«Көзайым» тобы: «Сегіз жылда талай қызға ақ жол жайдық»
Анар Жақыпбаева мен Назгүл Ыбыраева – сегіз жылдан бері қыз ұзатып жүрген құрбылар. Олардың бұл істі қолға алуына да осы салт-дәстүрдің бұрмаланып, жөнімен өтпейтіні себепші болыпты.
Қостанайда бестемшеден жарыс өтті
Қалалық білім бөлімі ұлттық зияткерлік ойынды мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен дене шынықтыру мұғалімдері арасында ұйымдастырды.
Бүгін Наурызнама онкүндігіндегі – Шаңырақ күні
Шаңырақ – бірлік пен берекенің, сыйластық пен татулықтың символы. Бұл күн – сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет пен ұрпақ тәрбиесін дәріптейтін ерекше мереке.
Науырзым жастары қарт тұрғындарға көмектесті
Hаурыз тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі! «Наурызнама» аясында 15 наурыз Қайырымдылық күні ретінде аталып өтуде.