Арқалық қазақ жасөспірімдер театры кішкентай көрермендеріне театрландырылған қойылымын ұсынуда

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры кішкентай көрермендеріне театрландырылған қойылымын ұсынуда

Наурыз айының құрметіне апталық өткізіп,күнделікті 4 мезгіл өскелең ұрпақтың ой-өріс, танымын арттыратын қиял-ғажайып қойылымдарын қойып жатыр.

Келген жас қонақтарына Наурыз көжеден дәм таттырып, дәмді бауырсақтарын ұсынады.

Наурызға арналған қойылым барысында «күрес», «аударыспақ», «асық ойындары» сынды ұлттық ойындарды насихаттап, көңілді бағдарлама барысында белсенділік танытқан балаларды Алғыс хатпен марапаттайды.

 Ұлттық ойындардың атауын айтып, қалай ойналу жолдарын, ережелерін егжей-тегжейлі айтып, түсіндіреді.

«Бұл Наурыз мейрамын тойлау дәстүріміз жылдан жылға жалғасын табады. Мекемелер мен ұжымдар ұсыныстарын беріп, жас көрермендердің қатарын арттыра түсуде. Бағдарлама бастан – аяқ тартымды, қызықты, думанды ұйымдастырылған. Қыс көрпесін түріп, жер бетін жасыл желектің көмкеруіқойылым желісімен ерекше бір сәтті серпінмен үйлесімін тапқан. Халқымыздың қиял-ғажайып ертегілеріндегі «тазша бала», «мыстан кемпір» сынды кейіпкерлерін де осы жерден көруге болады. Жаршылар жарапазан айтып, ұлттық дәстүрімізді ұтымды нақыштайды. Жақсы тілектер айтылып, Қыдыр ата батасын беріп, балаларға шат – шадыман көтеріңкі көңіл – күй сыйлайды.Қысқасы, Наурызға қатысты барлық ұстанымдар көрініс тауып, жас буынның таным – талғамын арттырады», – дейді театр басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Сапабекұлы.

Театрдың бас режиссеры талай сүбелі қойылымдарды сахналаған дарынды өнер иесі Ербол Абжалов.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу