Науырзым жастары қарт тұрғындарға көмектесті

Науырзым жастары қарт тұрғындарға көмектесті

Hаурыз тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі! “Наурызнама” аясында 15 наурыз Қайырымдылық күні ретінде аталып өтуде.

Осы күні Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы мен Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, игі іс жасады.

Жалғыз тұратын ата-әжелерімізге арнайы базарлық апарып, көмек көрсетті.

Үйлерінің төбе қарын және есік алдындағы қарларын тазартып, жүріп-тұруға ыңғайлы жол жасады.

Наурыз мейрамы адамдарды жақсылық пен берекеге үндейтін ерекше мереке. Әрқайсымыз айналамызға қамқорлық танытып, мейірімділік танытуға үлес қоса аламыз.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА 

Науырзым ауданы

Жаңалықтармен бөлісу