Қостанай қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Наурыз мейрамын мерекелеудің бірінші күні – Көрісу күніне орайластырылып ерекше жаттығу өтті.
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челлендж өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Жекпе жекте» жеңіске жетті
Наурыз мерекесіне орай Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кино бейнеқор орталығы ұйымдастырған «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауында үздіктердің үздігі болып, Арқалық қаласына қарасты Родина ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Мұратбек Әбдісалықов жеңіс тұғырынан көрінді. Ол жүлделі бірінші орынның дипломы мен қаржылай 300 мың теңге сертификатты иеленді.
Ертең Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталады
Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі 14-23 наурыз аралығында өтеді. Онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады.
Түркия елінің атынан Арқалықтағы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасалды
Түркия Республикасының «Мәдениет және туризм» министрлігіне қарасты «Түрік ынтымақтастық және үйлестіру» агенттігінің (TİKA) ұйымдастыруымен Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаемед» мешітінде арнайы қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Наурыз мейрамы қалай тойланады?
Қостанайда Наурыз мейрамын атап өту тоғыз күнге жалғаспақ. Әр күнге атау беріліп, ерекше тойланады. Қалалық әкімдікте өткен аппарат жиынында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі мен Наурыз мейрамын мерекелеу жоспары қаралды.
Көше тойы көрікті
Қостанайдың шетіндегі Цветочная көшесінің тұрғындары Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесін бар сән-салтанатымен атап өтті. Бұл маңға да шалғай өңірлерден көшіп келген жерлестеріміз көп шоғырланған.
Наурыз тойы келгенде…
Самарқанның көк тасын жібітіп, Жер-Ананың төсіндегі тіршілік иелеріне қайтадан жан бітіретін бұл күн біз үшін бәрінен айырықша. Түркі тілдес халықтарының Жаңа жылын елімізде наурыздың 22-де атап өту дәстүрге айналған.
Торғайда Наурыз көше-көше бойында тойланды
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ел азаматы Жақан Қосабаевқа көше аты беріліп, арқа-жарқа той болған еді. Сол жылы Ұлыстың ұлы күнінде, сол көшенің тұрғындары қыр басында ат шаптырған.
