Кооперацияға қаржылай қолдау көрсетіледі

Кооперацияға қаржылай қолдау көрсетіледі

Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, ЕАЭО аясындағы кооперациялық жобалар жеңілдетілген қаржыландыруға ие болады.

Атап айтқанда, жобаларды іске асыруға берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланбақ.

Мұндай қолдау өндірісті жаңғыртуға, технологиялық дамуға және ЕАЭО елдері арасында жаңа өндірістік байланыстар қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша тағы бір кооперациялық жоба мақұлданған болатын.