Мемлекеттік қызмет көрсету орындарына көңіліңіз тола ма? Ал қызметкерге ше? Қазақстан Респубилкасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауы арқылы анықтамақ.
Бағалау өңірдің 18 толған әр тұрғынының бағалуы арқылы жүргізілмек.
Байқаудың көздегені көрсетілетін қызметті берушілердің мәртебесін, мамандардың уәждемесін арттыру, сондай-ақ жұмыста клиентке бағдарлану қағидаттарын нығайту.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлнара Шагированың мәліметінше, байқау екі кезеңде өтеді. Алғашқысы аймақтық деңейде болса, сосын республикалық екінші кезең болады. Өңірлік кезеңде барлық 20 өңір қамтылады. Ол кезеңде екі аталым бойынша жеңімпаздар анықталмақ.
«Клиентке бағдарланған көрсетілетін қызметті беруші» — мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандар арасында, «Сервистік көрсетілетін қызметті беруші» — қызмет көрсететін органдар немесе бөлімшелер арасында. Бағалау халық дауыс беруі негізінде (оған 18 жасқа толған өңір тұрғындары қатысады), сондай-ақ өңірлік конкурстық комиссияның шешімдері негізінде жүргізіледі. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық финалға шығады, онда ұсынылған материалдар бойынша үздік қатысушылар анықталады. «Клиентке бағдарланған көрсетілетін қызметті беруші» номинациясында мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың жеке қасиеттері бағаланады: сыпайылық, ізгі ниет, қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасы, мәселелерді шешуге көмектесу қабілеті, кәсібилігі», – дейді басшының орынбасары.
Айта кету керек, бағалау өткен жылға жүргізіледі. Егер қызметкерге қатысты тексерулер болмаса, оның Департаментке ұсынылған тоқсандық есептерден алынған ақпарат қолданылады. «Сервистік көрсетілетін қызметті беруші» номинациясында мемлекеттік қызметтер көрсету орындарындағы жағдайларға назар аударылады. Яғни, орналасу ыңғайлылығы, күту аймақтарының болуы, екі тілде ақпараттың қолжетімділігі, техникалық жарақтандыру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар ескеріледі.
«Бағалау қоғамдық бақылау шеңберінде жүргізіледі. Тұрғылықты орнында, ал егер шалғайдағы аудан болса қашықтан-бейне арқылы. Конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінде қатысушыларды бағалауды жүргізу үшін Департаментте Өңірлік комиссия құрылады. Комиссия мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес сектордың, БАҚ өкілдерінен, тәуелсіз сарапшылардан және басқа да мүдделі тұлғалардан құралады (оның құрамына 5 мүше мен хатшы кіреді). Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Республикалық конкурстық комиссия құрылып, оның құрамын Агенттік бекітеді. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, «Атамекен» ҰКП, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар (комиссияға 7 мүше және хатшы кіреді) кіре алады. Агенттік Төрағасының орынбасары Республикалық комиссияның төрағасы болады», – деп атап өтті Гүлнара Шагирова.
Алғашқы «Клиентке бағдарланған көрсетілетін қызметті беруші» және «Сервистік көрсетілетін қызметті беруші» номинацияларына қатысу үшін үміткерлер өңірлік комиссияға нысан бойынша өтінішті (3 — қосымша) және презентациялық материалдарды: бірінші номинация үшін-жұмысы мен жетістіктерін көрсете отырып бейнепрезентацияны не бағалау критерийлеріне сәйкес растайтын материалдары бар слайд-презентацияны немесе бейнероликті (2-қосымша) екінші номинация үшін ұсынады. Өңірлік комиссия сырттай нысанда қатысушылардың сауалнамаларын балдық жүйе бойынша бағалайды. Іріктеу критерийлері: қызметтер көрсету сапасы бойынша шағымдардың болмауы, мерзімдердің сақталуы, негізсіз бас тартулардың болмауы, құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қызметтер көрсету жағдайлары, артық құжаттарды талап ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер саласындағы өзге де бұзушылықтар. Мұның сыртында жеке әңгімелесу жүргізіледі.
Содан кейін алты жұмыс күні ішінде үміткерлер онлайн немесе офлайн форматта әңгімелесуден өтеді, онда олар слайд немесе бейнеролик ұсынады (1 мин 30 сек дейін). Тыңдау қатысушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде 7 минутқа дейін созылады. Әңгімелесу қорытындысы бойынша халықтық дауыс беруге арналған тізім қалыптастырылады.
«Әңгімелесу қорытындысы бойынша халықтық дауыс беруге өтінімдердің жалпы санынан үміткерлердің кемінде 50%, бірақ әрбір номинация бойынша кемінде бесеуі жіберіледі. Дауыс беру ақпаратты орналастырған сәттен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде egov порталында немесе мамандандырылған платформада онлайн өтеді. Халықтық дауыс беру және өңірлік комиссияның бағалау нәтижелері бойынша (1 және 2-қосымшалар) екі номинацияның әрқайсысында үш жеңімпаз анықталады: бір бірінші, бір екінші және бір үшінші орын. Үш жұмыс күні ішінде жеңімпаздарды «Үздік сапалы қызмет көрсетшісі» дипломдарымен және мүсіншелерімен марапаттау өткізіледі. Екі номинация бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін жіберіледі. Екінші кезеңге қатысушылардың тізімі Агенттіктің сайтында орналастырылады. Жеңімпазды әңгімелесу және ұсынылған материалдарды талдау қорытындылары бойынша Республикалық комиссия айқындайды», – дейді агенттік өкілі.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Республикалық комиссия әр номинация бойынша үш жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар «Үздік сапалы қызмет көрсетшісі» дипломдарымен және мүсіншелерімен марапатталады. Жыл ішінде олар үшін ынталандыру қарастырылған: шетелде тағылымдамадан өту (1 орын), сертификатталған білім беру бағдарламалары (2 орын), мемлекеттік басқару академиясына түсу үшін ұсыным хат (3 орын).
Екі аталымда 36 үміткер тіркелген. Жеңімпаздарды анықтауда халықтық дауыс беруі маңызды. Ол үшін агенттік арнайы lidergosuslug.kz онлайн-платформа әзірлеп, ресми сайтта орналастырылған. Онда пайдаланушылар өз аймағын таңдап, үміткерлермен таныса алады және номинациялардың әрқайсысы бойынша дауыс бере алады.
Сералы МЫРЗАБАЙ