Бес оқырманға – тегін жазылым
Баспасөз мәслихаты, Басты жаңалықтар, Қостанай ақпарат

Бес оқырманға – тегін жазылым

Қостанай қаласының тұрғыны Жақсылық Жақыпбекқызы үшін баспасөз күні – мерекемен пара-пар. Сексен бір жастағы қария жыл сайын осы сәтті асыға күтеді. Облыстық «Қостанай таңы» газетіне жазылуды дәстүрге айналдырған. Биыл да сүйікті басылымынан қол үзген жоқ. Оның үстіне, биылғы жазылымның жөні бөлек. Өйткені газет бес оқырманына тегін жазылым сыйлады. Олардың қатарында Жақсылық Жақыпбекқызы да бар.

Толығырақ
Конституция әр адамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты
Баспасөз мәслихаты, Ел пікірі, Құқық

Конституция әр адамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты

Жаңа Конституция туралы сөз болғанда, ең алдымен адам мен оның құқықтарына қатысты нормаларға назар аудару қажет деп ойлаймын. Себебі Конституцияның негізгі міндеттерінің бірі – азаматтың мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқықтық кепілдіктерді айқындау.

Толығырақ
Балалардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдатарлық деректер: 13 бала қауіпті ортадан алынды
Баспасөз мәслихаты, Басты жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдатарлық деректер: 13 бала қауіпті ортадан алынды

Қостанайдағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Басенованың мәліметінше, биылғы бірінші жартыжылдықта мобильді топтар 1 598 отбасыға барған. Баланың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнгендіктен 152 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 бала қауіпті ортадан алынған. Ол балалар Белинский көшесіндегі уақытша орталыққа орналастырылды.

Толығырақ
«Ұсақ мәселе жоқ»: балалардың әр шағымы бақылауға алынады
Баспасөз мәслихаты, Басты жаңалықтар

«Ұсақ мәселе жоқ»: балалардың әр шағымы бақылауға алынады

Облыста балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс күшейтіліп жатыр. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Айман Ибраева айтты. 

Толығырақ
Еңбек вице-министрі тұрғындармен кездесті
Баспасөз мәслихаты, Басты жаңалықтар

Еңбек вице-министрі тұрғындармен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Сапар барысында әлеуметтік саланың түйткілдері пен цифрлық жаңалықтар талқыланды.

Толығырақ
Заңсыз айналымнан бес келіден астам есірткі тәркіленді
Баспасөз мәслихаты, Басты жаңалықтар

Заңсыз айналымнан бес келіден астам есірткі тәркіленді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Дәндібаев өңірде есірткі қылмысына қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың аралық қорытындысын жариялады.

Толығырақ
Әулиекөлде жарты жылдық қорытынды шығарылды
Баспасөз мәслихаты, Басты жаңалықтар

Әулиекөлде жарты жылдық қорытынды шығарылды

Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында 2026 жылдың алғашқы алты айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялап, алдағы жоспарларға тоқталды.

Толығырақ