Бүгін, Халықаралық отбасы күніне орай, еліміздің барлық өңірінде «Отбасы ағашы» атты республикалық акция өтті.
Акция аясында «Мерейлі отбасы-2025» Ұлттық байқауы ресми түрде басталды. Қазақстанның барлық өңірлерінде, қала мен ауылдық елді мекендерде терек отырғызуға арналған жаппай шаралар ұйымдастырылды.
Дәстүрлі түрде бұл акция бұрын саябақтардағы «Отбасы – бақыт мекені» атауымен аталған аллеяларда өтеді. Жыл сайын осы аллеяларға жаңа ағаштар отырғызылады.
Бұл – тату әрі берік қазақстандық отбасылардың символы іспеттес. Акцияның басты мақсаты — отбасылық дәстүрлердің маңызын көрсету, сондай-ақ отбасы институтын нығайту, табиғатты қорғау және қоғамдық бастамаларды дамыту арқылы болашақ ұрпаққа қамқорлық көрсету.
Іс-шараға танымал қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері, сондай-ақ өткен жылдардағы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары қатысты.